«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢҒЫРЫҚ

“Өлем бе?” – дедім қаңғырып?

“Өлесің!” – деді жаңғырық”.

(Мағжанның жалғасы табылмаған жырынан).

 

“Өлем бе?” – дедім, – қаңғырып?

“Өлесің!”– деді жаңғырық…”

…Санамды менің сойылдар,

Жаңғырықтағы заңдылық.

Армандарым қап адыра,

Қиялдарымды қан қылып.

Келген соң өмір – өлеңге,

Қайтемін енді көнем де.

Көкті де кезем кейде мен,

Сорғалап сосын төменге.

…Жаңғырық айтса жөн шығар,

Ағатай, мен де өлем бе?..

Қылықтым қалып – айшылық,

Қарайтып қанды – қайшылық.

“Өлемін!” – дедім өлеңге,

Өңімнен жасыл жай шығып.

…Алқам да салқам ақынға

Келеді қайдан жайшылық?..

Қара түс қою ағынан,

Басымдау соры бағынан.

Киік-күндерім, көңілшек,

Сая таппаған қағынан.

…Ғаламды басса қара түн,

Қаламға тағы табынам…

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp