«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢҒЫРҒАН КӨШЕ, ЖАЙЛЫ МЕКТЕП

«Таза Қазақстан» концепциясы аясында Петропавлдағы Қазақстан Конституциясы көшесін ауқымды жаңғырту жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталуға жақын. Ондағы жұмыстармен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов танысты.

Ауқымды жұмыстар мамыр айын­да басталған болатын. Осы уақыт ішінде қаланың басты көшесі жаңа кейіпке еніп келеді. Бүгінгі таңда Ас­тана көшесінен Парк көшесіне дейінгі аралыққа 31 мың шаршы метр тас төселіп, инженерлік комму­никациялар мен жарықтандыру жү­йесі толық жаңартылды. Жаңғырту жұмыстарына көшенің бойында ор­наласқан кәсіпкерлік нысандары­ның иелері де белсенді қатысуда. Мейрамханалар, жазғы террассалар, сауда нүктелері және басқа да ком­мерциялық нысандар ғимараттардың қасбеттері мен маңдайшаларын жа­ңартып, көше келбетінің бірыңғай сәулеттік стилін сақтауға үлес қосып жатыр.

Бұған қоса, облыс әкімі «Береке» шағынауданындағы жайлы мек­тептің құрылысы жүріп жатқан ау­маққа барды. Бұл – ұлттық жоба ая­сында салынып жатқан Петропавл­дағы екінші білім ордасы.

Мектеп 600 оқушыға арналған және заманауи стандарттарға сай то­лық жабдықталуда. «Береке» шағын ауданында ұзындығы 1,3 шақырым­ды құрайтын Малая көшесіндегі жол құрылысы да жалғасып жатыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp