Ақжар ауданындағы Ленинград ауыл шаруашылығы колледжінің бас бухгалтері Н. Попованың 1 миллион 730 мың теңгені қолды қылғаны прокурорлардың тексерісінен кейін белгілі болған.
Бұрынғы бухгалтер ай сайын колледж қызметкерлерінің еңбекақысын есепшотқа аудару кезінде арам ойын жүзеге асырып отырған. Оның үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабындағы 3-тармағының 1-тармақшасы бойынша іс қозғалып, тергеу барысында кінәсі анықталды. Соттың үкімімен бас есепшіге бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сондай-ақ, үш жыл мерзімге бас есепші қызметін атқаруына шектеу қойылды. Ал ұрланған қаражаттың барлығын ол мемлекетке қайтаруға міндеттелді.
(Өз тілшіміз).