«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕДЕЛ БРИГАДА ҚҰРЫЛДЫ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жыл соңына дейін 1,4 миллион науқастың үйіне барып қызмет көрсету үшін емханалардағы жедел бригадаларға 7,7 миллиард теңге қарастырылған.

Елімізде Covid-19, пневмонияға шалдыққан, жіті респираторлық аурудың белгілері бар науқастарға үйде амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін 3 мыңға жуық мобильді бригада құрылды.
Бүгінде емхана мен отбасылық амбулаториялар жанынан жедел бригадалар уақытша құрылуда. Олардың жұмысын жергілікті жерде облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырады, ал қаржыландыру әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен жүргізіледі. Тұрғындарға жедел бригадалардың қызметі тегін көрсетіледі. Қазір өңірде 36 мобильді бригада құрылды. Соның ішінде 23 дәрігерлік және 13 фельдшерлік бригада бар.
Дене қызуы жоғары, ЖРВИ белгілері бар, коронавирус немесе пневмонияға күдіктенген науқастар жұмыс күндері таңғы 8.00-ден кешкі 18.00-ге дейін аумақтық емхананың қабылдау бөліміне, қалған уақытта (сағат 18-ден кейін, демалыс, мереке күндері) 103 телефонына хабарласа алады.
Мобильді бригаданың құрамында дәрігер немесе медбике, қажеттілігіне орай бейінді маман болуы мүмкін. Мобильді бригадалардың басты жұмысы науқастарды тексеріп, сырқаттану дәрежесін бағалайды. Сонымен қатар, COVID-19 вирусына күдікті науқастарды полимеразды тізбекті реакциялық тестілеуден өткізеді. Көрсеткіштер бойынша рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама береді. Қандағы оттегінің сатурациясы 93 пайызға төмендеген кезде науқастың жанында консультациялық топ мүшесімен аудио-бейне конференция ұйымдастыра отырып, пульсоксиметрия жүргізеді. «COVID-19 коронавирустық инфекция» диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес дәрілік заттарды тағайындайды.


Қарлығаш ІЛИЯСОВА,
әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры
облыстық филиалының бас сарапшысы.

Сурет: https://24.kz/
  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp