Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте қардың күрт еруі және су тасқыны нәтижесінде су басуы мүмкін елді мекендермен көліктік коммуникацияларда апаттық құтқару жұмыстарын жүргізумен айналысатын жедел топтың әзірлігі тексерілді.
Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында құтқару операцияларына қатысып, от пен судан тайсалмай өткен ең үздік 14 құтқарушы №1 өрт сөндіру бөлімінің алаңында сап түзеді. “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” және “Суда құтқару қызметі” мемлекеттік мекемелерінің құтқарушыларынан жасақталған топ көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайлар орын алған аумақтарда тұрғындарды қорғаумен, адамдарды құтқарумен және оларды қауіпсіз жерге көшірумен айналысады.
Жеке құрам алдында сөз сөйлеген ТЖД бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет полковнигі Әсет Ысмағұлов төтенше жағдайлар кезінде кәсіби жұмысты жоғары деңгейде орындау, тұрғындарға жан-жақты көмек көрсету, зардап шеккендерді құтқарудан асқан міндет жоқ екенін атап көрсетті.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық ТЖД-нің баспасөз хатшысы.