Жыл басынан бері облыс полицейлері көлік құралдарын тіркеу және тіркеуден шығаруға қатысты 40 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. 1614 көлік иесі бұл қызметтерді электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырған.
Облыстық полиция департаментінің өңдеу орталығы күделікті жұмыс барысында «Auto Search» мәліметтер базасын пайдаланады. Ол арқылы көлік құралдары жайлы кез келген ақпаратты оңай алуға болады. Күн сайын тұрғындардан тіркеуге қойылған немесе шығарылған автокөліктер туралы мәлімет сұрап отыздан астам адам жүгінеді. Бұл ақпарат арқылы көлікке төленетін салық жайлы уақтылы хабардар болады.
Жақында ведомствоға 72 жастағы зейнеткерден алғыс хат келіп түсті. Раиса Вагнерге бірнеше ай бұрын 2000 жылдардың басында сатып жіберген көлігіне 26 мың теңге салық төлеуі тиіс екені жайлы ескерту келген. Тексеріс барысында автокөлік есептен шығарылғанымен, техникалық себептерге байланысты бұл жайлы мәліметтер базасына хабарланбағаны белгілі болды. Зейнеткер мәселесін жылдам шешуге көмектескен әкімшілік полиция қызметкерлеріне алғыс білдірген.
Сурет http://www.avtoexpert.pro сайтынан алынды.