
Жыл басынан бері “102” жедел нөміріне азаматтар 18 мыңнан астам рет хабарласып, қылмыстық құқық бұзушылықтар жайлы хабарлады.
Жедел басқару орталығында күн сайын тоғыз полицей тәулік бойы кезекшілік атқарады. Қылмыстар мен заң бұзушылықтар жайлы хабарларды алғаннан кейін жедел әрекет ету топтарының оқиға орнына баруын да солар қадағалайды. Орталыққа күніне орта есеппен 150-ден астам қоңырау түссе, демалыс күндері 300-ге дейін жетуі мүмкін.
Ал облыс орталығындағы жолдар мен көшелердегі жағдайға бейнекамера құрылғыларының көмегімен үнемі мониторинг жүргізіледі. Петропавл қаласының көшелеріндегі 410 камераның көмегімен жыл басынан бері 8045 әкімшілік заң бұзушылық тіркеліп, 559 қылмыс анықталды. Қоғамдық тәртіпті күзету үшін күн сайын 24 автопатруль көлігі мен 150 тәртіп сақшысы жұмылдырылады.