«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІЛЕТІН КӘСІПОРЫНДАР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі “Жекешелендірудің 2014- 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №429 қаулысына сәйкес 2014-2016 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық және коммуналдық меншіктегі ұйымдар тізбесі бекітілді. Олардың ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 39 мемлекеттік кәсіпорын мен мемлекеттің үлесі бар жауапкершілігі шектеулі серіктестер бар. Атап айтқанда, олар – Айыртау ауданындағы “Айыртау-Су”, “Айыртау-Қамқор”, Ақжар ауданындағы “Талапкер” және “Ақжар”, Аққайың ауданындағы “Қамқор-Аққайың”, Есіл ауданындағы “Қамқор” және “Ақ-Бұлақ”, Жамбыл ауданындағы “Жамбыл-су”, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның “Еңбек”, Мағжан Жұмабаев ауданындағы “Булаев қалалық су шаруашылығы”, Қызылжар ауданының “Жігер”, Мамлют ауданының “Коммунсервис”, Тайынша ауданындағы “Тайынша Жылу”, “Тайынша” және “Алпаш”, Уәлиханов ауданының “Мөлдір су”, Шал ақын ауданының “Жәрдем”, Петропавл қаласындағы “Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш имараттары”, “Коммунхоз” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары, “Облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы”, “Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығы”, “Қалалық Мәдениет үйі”, “Қарасай” жоғары спорт шеберлігі мектебі”, “Есіл” волейбол клубы”, “Олимпиада чемпионы Александр Винокуров атындағы континенталды велосипед клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары, “Сергеевка СК” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қарасты “СК-Қаржы” микрокредиттік ұйымы”, “Солтүстік” қаржы компаниясы”, “Қызылжар ауданының сервистік-дайындау орталығы”, “Есіл ауданының сервистік-дайындау орталығы”, “Асық Тобол”, “Престиж” тігін үйі”, “АртоСам”, “Наурыз – 2030”, “Баксинское MZM”, “Құрғақ пенобетон қоспалары зауыты”, “Володаровское PRP”, “Новоишим цемент зауыты”, “Қызылту-ТАС” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.  

“Қызылжар-Ақпарат”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp