«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ӘЗІРЛІК

 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жекке санаулы күндер қалды. 

Боксшылар мен олардың командасы Қазақстан уақытымен жексенбі күні таңертең өтетін жекпе-жекке дейін арнайы кесте бойынша дайындалатын болады. 1 қазан күні боксшылар АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы “Madison Square Garden” залында ашық жаттығу өткізді.

3 қазанда боксшылардың қатысуымен баспасөз конференциясы болады. Ресми салмақ өлшеу рәсімі 4 қазанға белгіленген. Бұл рәсім Манхэттен орталығында өтеді (Нұр-Сұлтан уақытымен сенбіге қараған түні 2:00-де). Жанкүйерлер бокс кешін 6 қазан көре алады.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp