
Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері балаларға «Шапито» циркіне саяхат ұйымдастырды. Ресейлік цирк бағдарламасында балғындар клоундар мен жонглерлардың, үйретілген жабайы аңдардың өнерін тамашалады.
Циркке саяхат ұйымдастыру арқылы сақшылар балғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың бүгінгі қоғамға үйренісіп кетуі үшін жағдай жасауды көздейді.
Басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сағындық Теміреевтің айтуынша, цирк шоуында үш жүзден астам бала болып қайтты. Олардың қатарында полиция қызметкерлерінің және көпбалалы отбасылардың бүлдіршіндері бар. Сондай-ақ, Петропавлдағы «Арман» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының , «Тумысынан мүгедек балалар мен олардың ата-аналар» ұйымының, «Адон-Север» ерекше күтімді қажет ететін балаларды бейімдеу» қоғамдық бірлестігінің тәрбиеленушілері болды.
Бір жарым сағаттық бағдарлама балалардың көңілдерінен шықты. Бұл саяхаттан олар үлкен әсер алып қайтты.