2016 жылдың желтоқсаны әдеттегідей демалыс күндеріне бай болмақ. Алдағы айда қазақстандықтар мереке күндері мен сенбі, жексенбіні қосқанда 12 күн демалады.
Қазақстандықтар 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні, 16 мен 17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні және Демократиялық жаңару күнін атап өтеді.
16-17 желтоқсан – жұма мен сенбіге келіп тұр. Осыған байланысты мерекелік күн 19 желтоқсан, дүйсенбіге ауысады. Осылайша, қазақстандықтар қатарынан төрт күн демалып, 20 желтоқсан сейсенбі жұмысқа шығады.
Ал 31 желтоқсан сенбіге түсіп тұр, сәйкесінше ол күн демалыс болып саналады. Осылайша қазақстандықтар Жаңа жылда да 4 күн демалады.