«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮҒА ЖАСТАР ДА ЖҰМЫЛАДЫ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдола белсенді жастармен кездесіп, оларды жемқорлыққа қарсы бірлесіп күресуге шақырды. “Дөңгелек үстел” басындағы жиын Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өтті.

Жең ұшынан жалғасатын сыбайлас жемқорлық жалындаған жастықтың күшімен еңсеріледі. Осындай оймен сөз бастаған департамент басшысы Шыңғыс Қабдола 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны түсіндіре келе, жастар ұйымдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық қозғалыс құру арқылы жаңа стратегияны қолдап, оны жүзеге асыруға атсалысатындарына сенімін білдірді. Кей жағдайда жемқорлықтың жоғары оқу орындарында да қылаң беретінін айта келе Шыңғыс Қайыпұлы: “Біз жастарымыз жемқорлықтың кез келген көрінісінен жиреніп, мұндай қоғамдық дертке қарсы қозғалыстардың басында жүрсе екен дейміз”, – деді.

“Дөңгелек үстел” басындағы жиында кезектесе сөз алған жастар ұйымдарының жетекшілері тамырын жайған жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты дамыту бағытындағы белсенділіктерінің жоғары екендігін жеткізді.

Кездесу соңында облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен жастар ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp