«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ МАҚСАТЫНДА

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын және 2011 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №308 қаулысымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша салалық бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспарын орындау үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде жемқорлықты азайтуға, құқықтық базаны жетілдіруге, азаматтық қоғам құрылымдарымен бірлесе әрекет етуге, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттауға бағытталған ұйымдық және практикалық шаралар кешені қабылданды.

Департамент салық және кеден заңнамалары талаптарына сәйкес өз қызметін жүргізе отырып, оны насихаттауды және сыртқы экономикалық қызметке қатысатын салық төлеушілермен және басқа тұлғалармен бірлесе әрекет етуді жүзеге асырады.  

Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамаларын насихаттау салық және кеден мәселелерін, Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сол сияқты салықтық міндеттемені және кедендік әкімшілдік жүргізуді орындауға байланысты мәселелер бойынша тұрғындардың ақпараттандырылуын арттыруды мақсат етеді. Насихат салық төлеушілермен және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен семинарлар, отырыстар, кездесулер өткізу, ақпарат тарату үшін қолданылатын бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпараттық стенділерді, буклеттерді және басқа да баспа материалдарын, сол сияқты бейне, аудио және басқа техникалық құралдарды пайдалану арқылы ақпарат орналастыру жолымен іске асырылады.

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, салық және кеден заңнамасы аясында қызметін іске асыратын тұлғаларға көмектесу, Қазақстан Республикасында салықтық және кедендік реттеуді жетілдіру, салықтық және кедендік әкімшілдік жүргізудің тиімді әдістерін енгізу, мемлекеттік кірістер органдарына сенімді арттыру мақсатында департаментте салықтық және кедендік әкімшілдік жүргізу мәселелері бойынша консультативтік кеңес құрылды. Оның құрамы департаменттің, сол сияқты сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мүддесін қорғайтын жеке кәсіпкерлік субъектілердің және коммерциялық емес ұйымдардың, салық және кеден саласы қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың қызметкерлерінен жасақталды.

2015 жылдың басынан бері сыртқы экономикалық қызметке қатысатын салық төлеушілермен, шағын және орта бизнес өкілдерімен, кәсіпкерлер палатасының, “Нұр Отан” партиясының және құқық қорғау органдарының қатысуымен жемқорлыққа қарсы тақырыпты талқылауға арналған 62 “дөңгелек үстел” өткізілді.

Департамент басшылары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Нұр Отан” партиясының жемқорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзіне орай үстіміздегі жылғы сәуір айында өткізілген “Өзіңнен баста!” акциясына қатысты. Онда мемлекеттік қызметшілер орындауға тиісті сегіз этикалық норма, сол сияқты “Немен өмір сүресің және қайда тұрасың?” сияқты талап аталды. Акцияның басты мақсаты – ашықтық, адалдық, мемлекеттік қызметшілердің жемқорлығына “нөлдік” төзімділік таныту. Департамент басшылары БАҚ-қа меншік құқығы ретінде тиесілі мүліктері мен өз кірістері туралы мәліметтерді жариялады.

Сараптама департаменттің жемқорлықпен күрес бойынша жүргізіп келе жатқан алдын алу жұмыстары өзгермейтін деңгейде қалып отырғанын байқатады, яғни 2014 жылы және 2015 жылғы 5 айда департамент қызметкерлері тарапынан жемқорлық құқық бұзу фактісі орын алған жоқ.

Өз қатарымызда жемқорлықты болдырмау жөніндегі жедел және қызметтік жұмыс тұрақты түрде атқарылады. Еңбек және қызметтік тәртіпті сақтауға қатаң бақылау жасалады. Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” Заңының талаптарына сәйкес қызметкерлердің және олардың жұбайларының кіріс пен мүлік туралы мәліметтерді дер кезінде беріледі. Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданатын қызметшілер заңнамада көрсетілген шектеулерді қабылдап, арнайы тексерістен өтеді. Жаңадан қабылданған қызметшілер белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексімен танысады. Оның мәтіні заңнама талабына сәйкес департамент ғимаратының бірінші қабатында орналасқан.

Кәсіби оқыту аясында департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының жемқорлықпен күресті күшейтуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерімен танысуға арналған сабақтар өткізіліп, тақырыптық фильмдер көрсетіледі. 2014 жылы желтоқсан айында мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін, ҚР-ның “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы”, “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңдарын білуіне тестілеу жүргізілді.

Департаменттің әкімшілік ғимараттарында 46-33-29 сенім телефоны көрсетілген ақпараттық стенділер, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулері, арыз-тілектері мен өтініштері үшін жәшік орнатылған.

Данияр ЖАНАЛИНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы,

облыстық Тәртіптік

кеңестің мүшесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp