«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ ҮШІН

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары М. Қозыбаев атындағы университеттің студенттерімен кездесу өткізді. 120-дан астам өрендердің қатысуымен жүзеге асқан шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, жең ұшынан жалғасқан жымысқы әрекеттерге қарсы жастардың пікірін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру.

Шараны ашқан аталмыш департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Светлана Зайцева кездесудің маңыздылығына тоқталып:

– Сыбайлас жемқорлықтан біздің еліміз ғана емес, бүкіл әлем зардап шегуде. Оған жол бермеу үшін алдын алу қажет. Мәселенің мәнісіне үңілмей, жылтырағанға еріп кетуге бейім, бұғанасы бекімеген жастарды сол мақсатта жинап отырмыз, – деді.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бөлім басшысы Елена Степаненко Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасымен таныстырды. Жиынға қатысқан студенттер өздерін толғандырып жүрген жастардың мемлекеттік қызметке орналасу жағдайын, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ерекшелігі жайында сауалдар жолдады.

Ақбөпе ТӘҢІРБЕРГЕНОВА,

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің

II курс студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp