Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қалалық ішкі саясат бөлімі мамандарымен бірлесіп “Мен арды ардақтаймын, тазалықты құрметтеймін!” атты акция ұйымдастырды.
Шара барысында жастар ұйымдарының белсенділері мен студенттер “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!”, “Жемқорлықсыз әлем”, “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!” деген жазуы бар плакаттарды көшедегі жаяу жүргіншілерге таратты. Сонымен қатар, “Сыбайлас жемқорлыққа қалай жол бермеуге болады?”, “Мемлекеттік қызметшінің міндеті” атты 200-ге жуық ақпараттық парақшалар таратылды. Еріктілер жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты болдырмаудың амал-тәсілдерін “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум алаңы” сайты арқылы да ұсынуда.
(Өз тілшіміз).