«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕМҚОРЛЫҚ — ҚОҒАМ ІНДЕТІ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полициясы қызметінің мұрындық болуымен “Нөлдік төзімділік. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу” тақырыбында студенттермен кездесу ұйымдастырылды.

Конференцияда қоғамдағы құқық бұзушылықтардың, олардың ішінде жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайластыққа төзбеушілік мәселелері қарастырылды.

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Нұрлан Жахин “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері” пәніне студенттердің ерекше назарын аударды. “Елдің болашағы саналатын жастар сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің қоғамымызға тигізер теріс әсерін түсініп, оған қарсы тұру арқылы бұл “індеттің” жолын кесуге болады. Аталмыш пән осы мақсатты көздеп арнайы әзірленді және ол студенттердің зор қызығушылығын тудырады”, – деді Нұрлан Жахин.

Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,

мемлекеттік қызмет істері

департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp