Қарашаның 7-ші жұлдызында түн ауа атақты жерлесіміз Жанат Жақиянов (53,5 кг.) “WBA” нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионының белбеуі үшін осы атақтың иесі – венесуэлалық Йонфрес Парехомен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек Монаконың Монте-Карло қаласында өтті. Қарсыласы – 29 жаста. Кәсіпқой бокстағы көрсеткіші мынадай: 17-1-1, 8 КО. Ал 32 жастағы жерлесіміз 25 кездесудің біреуінде ғана жеңіліп, 18-ін нокаутпен аяқтаған.
“ZZ” лақап атымен танымал Жанаттың бұл жолғы жекпе-жегі 12 раундқа созылды. “Жендет” атанған қарсыласы оңай шағылатын жаңғақ еместігін көрсетті. Ақыры төрешілер жеңіске Жанаттың лайықты екенін айғақтады.
Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.