«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНБАСАҢ, САЛЫҚТЫ КӨП ТӨЛЕЙСІҢ

Елімізде жер пайдаланушылар қатары жылдан-жылға толыға түсуде. Демек, меншік иелері мен жерді пайдаланушылардан ҚР Жер кодексі ережелерінің мүлтіксіз сақталуын талап ету орынды.

Жекеменшіктегі, тұрақты немесе бастапқы өтеусіз уақытша пайдаланудағы жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының Салық заңнамасына сәйкес жер салығы салынады.

Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы” Заңының 387-бабының 6-тармағының ережелерімен объектілер салуға тағайындалған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмай жатқан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзумен пайдаланылып жатқан жер учаскелері бойынша жергілікті өкілді органның құқығы қарастырылған, 381-бапта көрсетілген салықтың базалық мөлшерлемесі жоғарыда аталған заңның 381-бабының кестесінің 23-26 бағанында белгіленген мөлшерлемеден басқа, уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану қажеттілігі туралы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттілігі туралы жазбаша ескерту берген күннен бастап он есеге дейін жоғарылату көзделген.

Тиісті мақсаттарда пайдаланылмай жатқан немесе осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, пайдаланылып жатқан жер учаскелерін анықтау тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді. Сол сияқты, ҚР 2014 жылғы 28 қарашадағы №257-V “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңымен, ҚР “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Заңының 387-бабы 1-1-тармақпен толықтырылды, ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Соған орай Қазақстан Республикасының Жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының мөлшерлемесін жергілікті өкілді органдардың он еседен асырмай жоғарылатуға құқығы бар.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар енгізген ұсыныстар бойынша Солтүстік Қазақстан облысының аудандық мәслихаттарымен “Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” заңына және Қазақстан Республикасының Жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы” шешім қабылдануда.

Айтпай БАЙДҮЙСЕНОВ,

“Солтүстік Қазақстан облысы

Жер инспекциясы басқармасы”

ММ-нің мемлекеттік инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp