«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ ЖЕҢІСІ

Облыстық филармонияның әртістері классикалық музыка бойынша Латвия елінде өткен “VIVA-MUZIK” халықаралық байқауынан жүлдемен оралды.

Латвия, Ресей, Болгария, Литва, Эстония, тағы басқа мемлекеттердің өнерпаздарын бір арнаға тоғыстырған фестивальде облыстық филармонияның жеке орындаушылары еліміздің намысын абыроймен қорғады.

– Рига қаласында өткен байқауда кіл мықтылар сайысқа түсті. Қатысушылардың кәсіби дайындығы жақсы болды. Еліміздің атын шығаруға біз де тырыстық. Екі күн бойы өз өнерлерімізді көрсетіп, әр елден келген қатысушылардың шеберлігінен өзімізге сабақ алдық. Сахнада қанша жыл өнер көрсетіп, талай байқауларда сынға түссем де жүректе қобалжу болды. Бірақ біз бұл байқаудан жақсы көңіл-күймен оралдық, – деді облыстық филармонияның солисі Бақыт Ілиясов.

Жерлестеріміздің өнерін қазылар алқасы жоғары бағалағанын атап өткен жөн. Байқау соңында әртүрлі аталымдар бойынша әнші Бақыт Ілиясов пен концертмейстер Екатерина Лапухина бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал Марат Закирьянов “Аспаппен өнер көрсету” аталымында үшінші орынды еншіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp