«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ ҚОРЖЫНЫНДА – КҮМІС МЕДАЛЬ

Щучинск қаласында Қазақстан Республикасының II қысқы Жастар ойындары аясында қысқы Президенттiк көпсайыстан жарыстар өттi. Бұл сайыста өңір құрамасы жалпыкомандалық екiншi орынға ие болды.

Жекелей сынға келер болсақ, 14-15 жастағы ер балалар тобында Артем Островский бiрiншi орынға ие болса, Артур Сапаев жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Осы топтағы қыздардан Алена Костюченко алтыннан алқа тағынса, күмiс медаль Юлия Швидкоданың еншісінде. 16-17 жастағылар арасында жеңіс тұғырының бірінші сатысына Николай Бахура көтерілді. Ал Дастан Делдеш екінші орынға ие болды. Нәзік жандар арасында алтын Александра Самойленкоға бұйырды. Рустам Набиуллин 18-19 жастағы спортшылар арасында ең үздiк атанды. Бұдан басқа Рустам осы жарыста спорт шеберi нормативiн орындады.

Біріншіліктің алтын медалін өңіріне таққан Виктория Козлова спорт шеберiнiң нормативiн орындады. Тағы бір жерлесіміз Алтын Ағатаева жарыстың күмiс жүлдегерi атанды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp