«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖАРАДЫ

Облыс орталығында ережесіз жекпе-жектен қала чемпионаты өтті. Оған Астана, Павлодар, Екібастұз және Ресей Федерациясының Түмен қаласынан келген спортшылар қатысты. Облыс намысын Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласының спортшылары қорғады.

Тартысты жарыста жалпыкомандалық есепте Петропавл қаласының құрамасы бас жүлдеге қол жеткізді. Астана қаласының құрамасы екінші орынға табан тіресе, Түмен спортшылары үшінші, ал Екібастұз құрамасы төртінші орынға ие болды. Жеңімпаздар үстіміздегі жылдың көктемінде ММА аралас жауынгерлік жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионатында бақ сынайтын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp