«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

«Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешенінің тәрбиеленушілері Есім Амангелдин, Гүлден Илеупаева мен Аружан Сүлейменова Омбы қаласында өткен «Сибирь зажигает звезды» байқауында жүлделі орындарды еншіледі.

Талантты өрендер академиялық және эстрадалық ән айтудан жеңіске жетті. 400-ге жуық дарынның қабілетін сынаған Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларының танымал сазгерлері мен әншілері жерлестеріміздің өнерін жоғары бағалаған. Бірінші орынды иеленген Есім Амангелдин кішкентай кезінен бері үлкен сахнада өнер көрсетуді армандаған. Сондықтан бойдағы талантты ұштайтын аталмыш байқау сынды түрлі конкурстардан сырт қалмауға тырысады. Оның ұстазы Адель Нұриахметовтың айтуынша, ұйымдастырушылар байқаудың әділ өтуіне ерекше көңіл бөлген. Мәселен, оған Ресейдің өз өнерпаздары қатыспайды. Әрі үміткерлер жанды дауыспен ән айтуы тиіс.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp