«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ – ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Шымкентте велоспорттан Қазақстан кубогі өз мәресіне жетті. Он құрама команда, жетпістен астам спортшы қатысқан сайыстың барлық кезеңдерінде жерлестеріміз үздіктер қатарынан көрінді.  

Атап айтқанда, 20 шақырымға жекелей жарыста Степан Астафьев жеңімпаз атанса, 40 шақырымдық критериумда Тарас Воропаев жеңіске жетті.

Виктор Окишев, Олег Земляков, Тарас Воропаев және Степан Астафьев 40 шақырымдық командалық жарыста үздік болса, 102 шақырымға топтық жарыста Вадим Галеев мәре сызығын бірінші болып қиды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp