«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ – ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ҚАТАРЫНДА

Қазан қаласында (Ресей) WorldSkills стандарттары бойынша кәсіби шеберліктің Бірінші WorldSkills СНГ чемпионаты өтті. ІІІ Ұлттық чемпионат финалының аясында жүзеге асқан шараға қатысушылар үздік маман атану үшін сайысқа түсті. Дүбірлі додада ТМД елдерінен басқа Марокко, Израиль, Финляндия, Жапония, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка Республикасы, Германия, Ирландия, Швейцариядан үміткерлер мен сарапшылар болды.

Шара Татарстанда «Казанская ярмарка» көрмелер орталығында ұйымдастырылды. Біздің колледждің студенттері Александр Сироткин мен Евгений Смирнов “Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары” деген тақырып бойынша бақ сынап, намысты қолдан бермеуге тырысты. Олар төрт күнге созылған сайыс барысында өздеріне берілген тапсырманы толығымен орындап, дайындықтарын жоғары дәрежеде көрсете білді. Сөйтіп, біздің студенттер аталған тақырып бойынша қатысқан 10 команда арасынан ерекшеленіп, күміс медальға қол жеткізді. Жеңімпаздар үстіміздегі жылдың 11 тамызында Сан-Паулуда (Бразилия) өтетін WorldSkills International әлем чемпионатына жолдама алды.

Біздің колледждің студенттері мен сарапшысының Қазан қаласына барып қайтуына облыстық құрылысшылар қауымдастығы демеушілік жасағанын айта кету жөн. Болашақ мамандарға жанашырлығы үшін қауымдастықтың төрағасы Сергей Тимофеевке алғыс айтамыз.

Татьяна ДАНИЛОВА,

облыстық кәсіптік-педагогикалық

колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp