«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ — КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР

Петропавлда балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден ел біріншілігі өтті. Төрт күнге созылған додада Қазбек Байболов атындағы жергілікті спорт мектебінің тәрбиеленушілері күміс жүлдеге қол жеткізді.

Ел біріншілігіне Петро­павл, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау және Ақсу қалаларының командалары қатысты. Жергілікті “Құлагер” командасы жарыстың бірінші күнінен бастап қарқынды ойынның өрнегін көрсетті. Атап айтқанда, алғашқы ойында ақсулық “Молниядан” 5:1 есебімен басым түссе, екінші кездесуде ақтөбелік “Олимпті” 9:1 есебімен ұтты. Атыраулық “Бейбарыс” хоккейшілерінен бір шайба өткізіп алып, 10 шайбамен жауап қайтарды. Кейін алматылық “Стрижден” де басым түсті. Өкінішке қарай, финалда шымкенттік “Торнадо” командасына 4:5 есебімен жол берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp