“Nur Otan” партиясы атынан депутаттыққа кандидат Азат Биғожин туған ауданының қордаланған мәселелерін шешуге ниетті. Үгіттеу науқаны аясында ол Аққайың ауданындағы Қиялы ауылында болып, “Салют” ЖШС-інің ұжымымен кездесті.
Жиын барысында кандидат пар-тияның негізгі жұмысына тоқталды. “Анықталған бағыттардың арқа-сында облысымызда үлкен өзге-рістер орын алмақ. Жуық арада цехтар мен заводтар ашылып, ескілері жаңартылады. Өздеріңізге белгілі, мен жастар мәселесін жақ-сы білемін. Өйткені, жұмысым жас-тар саясатымен тығыз байланыс-ты. Бұл бағытта біз жұмыссыздық, баспана және бос уақытты ұйым-дастыру сияқты негізгі мәселелер-мен айналысатын боламыз”, – де-ген Азат Биғожин елді мекендер бойынша да нендей жұмыстар ат-қарылатынын атап өтті.
Кандидат алда жол жөндеу, жа-рық орнату, ауызсумен қамта-масыз ету, дәріхана ашу, интернет тарту сынды үлкен жұмыстар тұр-ғанын айтып, “нұротандықтардың” оларды шешуге ынталы екенін жеткізді. Ол, сондай-ақ, Аққайың ауданы тұрғындарының мүд-делерін қорғап, мәселелерін ше-шуге атсалысатынына уәде етті.
“Nur Otan” партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау қоры қаражатынан төленді.