Солтүстікқазақстандық спортшы Александр Даськов пауэрлифтингтен Талдықорған қаласында өткен Қазақстан кубогы жолындағы жарыста жеңіске жетті.
Аталмыш сайысқа мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысқан. Байрақты додада өңір намысын қорғаған Александр Даськов 65 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсетіп, бірінші орынды иеленді.