«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСІМІЗ – КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ

Облыс орталығындағы бокс мектебінде жасөспірімдер арасында бокстан ел біріншілігі өтті. Оған 14 облыс пен 2 қаладан 150-ден астам спортшы қатысты. Аталмыш додада өңір намысын үш жерлесіміз қорғаған болатын. Бірақ олардың біреуі ғана медальға қол жеткізді.

Сайыс барысында шаршы алаңға көтерілген солтүстікқазақстандық Александр Сахно үш кездесудің екеуін жеңіспен аяқтады. Бұған дейін Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында өткен ел біріншілігінің күміс жүлдегері алғашқыда қарағандылықты тізе бүктіріп, жартылай финалға жолдама алса, кейін Ақмола облысының боксшысын қапы қалдырып, ақтық сынға шықты. Алайда, бұл жолы жерлесіміз шымкенттік былғары қолғап шеберінен ұтылып қалды.  

Енді жас спортшы жаз айларында өтетін бокстан Азия мен әлем біріншіліктерінде ел намысын қорғамақ.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp