«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН РӘСІМДЕУДЕГІ КЕМШІЛІКТЕР

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері Петропавл қаласының, Жамбыл, Мамлют, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың жер қатынастары бөлімдерінде жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы және уақтылы аударылу сәйкестігін қамтамасыз етуге аудиторлық іс-шараларын жүргізді.

Жүргізілген аудиттің нәтижесінде жалпы сомасы 184,6 млн. теңге болатын Қазақстан Республикасының жер және өзге де заңнамаларын бұзушылықтар анықталды, оның 70,8 млн. теңгесі жергілікті бюджеттің кірісіне түсуге жатады.

Анықталған бұзушылықтар бірқатар кемшіліктердің бетін ашты. Мәселен, аудит нысандарының лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының нормаларын толықтай сақтамайтындығы, жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығын және уақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше атқармайтындығы анықталды.

Аудандық жер қатынастары бөлімдерінің лауазымды тұлғалары жер телімдерін сатып алу-сатудың жасалған шарттарының талаптарын атқаруға бақылауды тиісті деңгейде жүзеге асырмаған және 59,9 млн. теңге сомасындағы төлемді талап етпеген, 11,6 млн. теңге сомасындағы жер телімдерінің құнын уақтылы төлемегені үшін тұрақсыздықты есептеу жасамаған, оған құзыреті болмай тұра оның сатып алу құнын төлеу мерзімін кейінге шегерумен, жалпы сомасы 5,5 млн. теңгеге 2 жер телімін сатып алу-сату шарты жасалған. Ал жер телімдерін сатып алу-сату шарттарын жасау кезінде тоғыз жағдайда 52 млн. теңге сомасына төлем мерзімі ай сайынғы емес негізде белгіленген, төлем мерзімін шегеру бойынша берілген сатып алу-сату шарттарын жасау кезінде 16,5 млн. теңге мөлшеріндегі алдын ала төлемнің мөлшері көрсетілмеген. Сатып алушының жер телімін сатып алу құнын төлеудің 5 жағдайында 1,2 млн.теңге сомасында Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың сәйкес емес КБК-ға жасалған, шарт жасау мерзімін бұзумен 30,6 млн. теңге сомасына келісімдер жасалған, жалға алғаны үшін жыл сайынғы жалдық төлем және жер телімдерін жалға беру құқығын сату төлемінде 7,3 млн. теңге сомасында айырмашылық бар.

Тексеру комиссиясының қызметкерлері жер телімдерінің сатып алу құнын толық емес төлеуге және уақтылы төлемеуге жол берген 52 жер пайдаланушыға қатысты аудиттің материалдары бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 205-бабымен көзделген әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін мемлекеттік кіріс органдарына жолдады. Жүргізілген аудиттің қорытындылары 2016 жылғы қараша айындағы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралды.

Жамбыл, Мамлют, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың, Петропавл қаласының әкімдеріне және сәйкесінше жер қатынастары бөлімдеріне анықталған бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою туралы нұсқама жолданды. Жамбыл, Мамлют, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың, Петропавл қаласының мәслихаттарына аудит нысандары лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін сақтамаудың беті ашылған фактілерін қарау туралы ұсыныс енгізілді.

Марат ЕБЖАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

тексеру комиссиясының мүшесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp