«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕР ТЕЛІМІ ҚАЙТАРЫЛЫП АЛЫНДЫ

Бүгінгі күні облысымызда пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған экономикалық сотына мемлекеттік органдардан жер телімдерінің жалға беру шарттарын бұзған серіктестіктердің үстінен бірнеше талап-арыз түсті. Сотта шаруашылық субъектілерінің жер телімдерін жалға алу келісімшарттарындағы талап-міндеттерді орындамағаны дәлелденген жағдайда, пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылады. Сондай-ақ, атқарушы органдардың жер телімдерін конкурс өткізбей-ақ, шаруашылыққа беруі де заңсыздық болып табылады. Мұндай жағдайда әкімдіктің шешімі күшін жойып, тараптар арасындағы мәмілені сот жарамсыз деп тануға құқылы.

Жақында Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері және жер ресурстарын басқару комитеті» РММ-нің арызына сәйкес Уәлиханов ауданындағы «Донское» ЖШС-нің жалпы аумағы 336 385 гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Динара ТӨЛЕҢҒҰТОВА,

облыстық соттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp