Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар!
«Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 10 ақпанда сағат 10-00-де (Астана уақыты бойынша) «Е-Qazyna.kz» (әрі – тізілім веб-порталы) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтетін жер учаскелерін бағаны көтеру әдісімен сату бойынша электрондық сауда саттық өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жер учаскелерін тізілім веб-порталында сату Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. «Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі-ережелер).
Сауда-саттықты өткізу шарттары:
Сауда саттыққа ағылшын әдісін қолдана отырып (бағаны көтеруге) мынадай мекенжай бойынша орналасқан, жер учаскелері (сату объектілері) қойылады:
Лот № 1 – уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы, Петропавл қаласы, Украинская көшесі (қоса берілген сызбаға сәйкес), ауданы — 0,1 га, жалға алу мерзімі 5 жылға, минимаркет салу үшін, бастапқы бағасы – 235 710 теңге, 1 жылға жалдау ақысының сомасы – 10 422 теңге, кепілдік жарнаның сомасы – 216 250 теңге, жер учаскесінде ауыртпалық-жоқ;
Лот № 2 – уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы, Петропавл қаласы, Горький көшесі – Таштитов көшесі (қоса берілген сызбаға сәйкес), ауданы — 0,082666 га, жалға алу мерзімі 5 жылға, дәмхана, дүкен салу үшін, бастапқы бағасы – 216 502,3 теңге, 1 жылға жалдау ақысының сомасы –
8 615 теңге, кепілдік жарнаның сомасы – 216 250 теңге, жер учаскесінде ауыртпалық-жоқ;
Сауда – саттыққа қатысу үшін қатысушы веб-порталда өтінім береді және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды (әрі – ЭЦҚ)
1) Жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) төлқұжат деректері, мекен-жайы, телефон нөмірі, банк деректемелері, (жеке сәйкестендіру нөмірі, банктік сәйкестендіру нөмірі,банктің атауы, бенефициар коды)
2) Заңды тұлғалар үшін: сәйкестендіру нөмірі (БСН) толық атауы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) басшының, мекен-жайы, телефон нөмірі, банк деректемелері (жеке сәйкестендіру нөмірі, банктік сәйкестендіру нөмірі,банктің атауы, бенефициар коды)
Сауда – саттыққа қатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарландыру веб-порталда орналастырылған күннен бастап, веб-порталда жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.
Сауда-саттыққа (аукционға) қатысушының өтінімінде қатысушының сауда-саттықтың (аукционның) шарттарымен келісетіні көрсетілуі тиіс.
Сауда – саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна сауда–саттық объектісінің ең төменгі бағасының 15 (он бес) % — ын құрайды, бірақ кемінде 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі–АЕК) және 30 (отыз) мың АЕК-тен аспайды.
Бұл ретте кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша жеке енгізіледі.
Кепілдік жарна депозиттік шотқа енгізіледі. Төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» Акционерлік қоғамы, БСН 050540004455, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК) KZ946017111000000330. БСК HSBKKZKX, КНП 171, КБЕ 16.
Өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін табылатын негіздер:
1) Қатысушының осы ережелердің 14-тармағында көрсетілген шарттарды сақтамауы, сондай-ақ сауда–саттықты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген кепілдік жарнаның сауда–саттық басталғанға дейін бес минут бұрын ұйымдастырушының шотына түспеуі.
2) Жер кодексінің 20-бабы 2 тармағының үшінші азат жолына және
24-бабы 1 — тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады.
3) Егер қатысушы жер кодексінің 96-1 бабына сәйкес жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімінде тұрса.
Сауда-саттық аукцион залында сейсенбіден жұмаға дейін өтеді, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда. Сауда-сматтық Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00 ден 17:00 ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте сауда-саттық Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00 – ден кешіктірілмей басталады.
Сауда-саттыққа жіберілген қатысушыға веб – портал берген аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
Бағаны көтеру сауда-саттығына қатысушылар сауда саттық басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді, бастапқы бағадан төмен болмайтын сауда – саттық объектісі үшін өзінің баға ұсынысын көрсетеді.
Аукцион сауда – саттықты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген уақытта басталады.
Егер бағаны көтеру аукционы аяқталған сәтте сағат 17:00 де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда сауда – саттық объектсісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
Сауда-саттық (аукцион) басталған кезде аукцион залында сауда-саттық (аукцион) нысаны бойынша тек бір қатысушы тіркеліп, қатысып отырған жағдайда, мұндай сауда-саттық (аукцион) өтпеген болып танылады (бағаны төмендету арқылы өткізілетін аукционнан басқа жағдайларда), мұндай аукционда сауда-саттық нысанын жалғыз қатысушыға сатурұқсат етіледі.
Бағаны көтеру сауда-саттығы (аукционы):
1) сауда-саттық (аукцион) басталған сәтте аукцион залында қатысушылардың сауда-саттық (аукцион) объектісі үшін баға ұсыныстары бейнеленеді, олар шарттарды сақтай отырып, сауда-саттық (аукцион) объектісін сатып алуға келісім білдіру нысаны болып табылады және ағымдағы баға қалыптастырылады;
2) сауда-саттық (аукцион) басталған сәттен бастап қатысушыға осы Қағидалардың 38-тармағында белгіленген қадамға басқа қатысушының ағымдағы ең жоғары бағасын ұлғайту мүмкіндігі беріледі;
3) егер сауда-саттық (аукцион) басталған кезден бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі ең жоғары ағымдағы бағаны көтермесе, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал аталған сауда-саттық (аукцион) объектісі бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізілген болып танылады;
4) егер аукцион залында сауда-саттық (аукцион) басталған сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірі осы Қағидалардың
40-тармағында белгіленген қадамға басқа қатысушының ағымдағы ең жоғары бағасын ұлғайту жолымен сауда-саттық (аукцион) объектісін сатып алу ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;
5) егер ағымдағы баға ұлғайтылғаннан кейін 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен сауда-саттық (аукцион) объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда сауда-саттық (аукцион) объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал аталған сауда-саттық (аукцион) объектісі бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізілген болып танылады.
Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБК АЖ) сауда-саттық (аукцион) нәтижелері бойынша веб-порталға мынадай құжаттарды жолдайды:
жеңімпаз үшін – сауда-саттықтың (аукционның) нәтижелері туралы хаттама, жер учаскесін немесе жер учаскесіне жалдау құқығын сатып алу-сату шарты, сатып алу сомасы туралы мәліметтер және төлем жүргізу үшін реквизиттер;
қалған қатысушылар үшін – сауда-саттықтың (аукционның) нәтижелері туралы хаттама.
Егер сауда-саттық (аукцион) өткізілмеген болса, уәкілетті органның қызметкері өңірлік геоақпараттық жүйеде (бұдан әрі – ӨГЖ) қолданыстағы жер учаскесінің шартты сәйкестендіру нөмірі бойынша жаңа лот жасайды (жаңа лоттың нөмірі бұрынғы өткізілмеген лоттың нөмірімен сәйкес келмеуі тиіс). ӨГЖ аталған жер учаскесі бойынша сауда-саттыққа (аукционға) қайта шығарылатын мәліметтерді ЖМБК АЖ-ға жолдайды.
Сондай-ақ, уәкілетті органның қызметкері веб-порталда осы жер учаскесінің шартты сәйкестендіру нөмірі бойынша жаңа сауда-саттық (аукцион) жариялайды.
Сауда-саттық (аукцион) өткізу барысында техникалық ақау орын алған жағдайда, ұйымдастырушы техникалық ақаудың бар екенін тіркейді және оның бар екені расталған кезде веб-порталда барлық қатысушыларға бұл туралы хабарлама жариялау арқылы ескертеді.
Қатысушының компьютерлік телекоммуникациялық жабдықтарында техникалық ақау туындаған жағдайда, сауда-саттық (аукцион) жалғасады.
Егер веб-порталда техникалық ақау туындап, сауда-саттық (аукцион) өткізуге кедергі келтірсе, ұйымдастырушы бұл туралы Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік үйлестіру орталығын, сондай-ақ сатушыны дереу хабардар етеді және техникалық ақау жойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сауда-саттықты (аукционды) жалғастыруды ұйымдастырады. Қатысуға жіберілген қатысушыларға веб-портал арқылы және жеке хабарлама жолдау арқылы сауда-саттықтың (аукционның) жалғасатын күні мен уақыты туралы алдын ала хабарлама беріліп, қатысушының веб-порталда көрсетілген электрондық поштасына электрондық хабарлама жіберіледі.
Әрбір сатылған сауда-саттық нысаны бойынша сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттама рәсімделеді, ол сауда-саттық өткізілген күні веб-порталда сатушы мен жеңімпаз тарапынан ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы қол қойылады.
Сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттама — бұл сауда нәтижелерін тіркейтін және жеңімпаз бен сатушының жер учаскесін немесе жер учаскесіне жалдау құқығын сауда-саттық нәтижесінде анықталған шарттармен сатып алу-сату шартын жасасуға міндеттенетінін растайтын құжат.
Сауда-саттықтың (аукционның) жеңімпазы веб-порталда сауда-саттықтың (аукционның) нәтижелері туралы хаттаманы автоматты түрде қалыптастыру арқылы анықталады, содан кейін веб-портал ЖМБК АЖ-ға «Сауда-саттық (аукцион) өтті» деген мәртебені электрондық хаттамамен бірге жолдайды.
ЖМБК АЖ алынған мәліметтерді сақтап, оларды жер кадастрының цифрлық платформасына (ПКК) жер учаскесінің мәртебесін өзгерту үшін жолдайды.
Жер учаскесін немесе жер учаскесіне жалдау құқығын сатып алу-сату шарты электрондық форматта веб-порталда жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ арқылы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қол қояды.
Веб-портал ЖМБК АЖ-ға «Сатып алу-сату шартына қол қойылды» деген мәртебені, сондай-ақ жер учаскесін немесе жалдау құқығын сатып алу-сату шартының электрондық нұсқасын жолдайды.Начало формыКонец формы
Сауда–саттықтың нәтижелері туралы хаттама, сауда–саттықтың нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сауда – саттық нәтижесі болып табылатын, шарттармен жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқықтарын сатып, алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
Веб-портал ЖМБК АЖ-ға «Сатып алу-сату шартына қол қойылды« деген мәртебені, сондай-ақ жер учаскесін немесе жалдау құқығын сатып алу-сату шартының электрондық нұсқасын жолдайды.
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып, алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі. Бұл ретте сатып алушы ұйымдастырушыға төлемдерді қайта есептеуді мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) Кепілпұл (аванстық төлем) жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып, алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сату бағасының 50 (елу) % — ы мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі;
2) Қалған сома жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып, алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей енгізіледі.
Жеңімпаз сауда–саттық нәтижелері туралы хааттамаға белгіленген мерзімде қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы веб – порталда қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды, және осы сауда–саттық объектісі жойылған сауда-саттық шартарымен сауда-саттықа қайта шығарылады.
Сауда–саттық нәтижелерін жарамсыз деп тану туралы даулар сот тәртібімен қаралады.
Анықтама телефоны 8 (7152) 46-79-45.