“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №39 қаулысымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің “Халыққа қызмет көрсету орталығы”, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Жылжымайтын мүлік орталығы”, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің “Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің “Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық” мемлекеттік қазыналық кәсіпорны “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамына қосу және қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылды.
Қоғамның басты міндеті – “бір терезе” қағидаты бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету.
“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы “Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы” департаменті оның белгілі орнынан тыс орналасқан “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының жекелеген бөлімшесі болып табылады. Қызметтің мәні мемлекеттік жер кадастрын жүргізу.
Қазіргі уақытта жер қатынастары және жер кадастры саласында жүзеге асырылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрлеріне өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы – “Халыққа қызмет көрсету орталығы” департаментінің фронт-кеңселері арқылы ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №272 бұйрығымен бекітілген “Жекеменшік, тұрақты, уақытша өтеулі және өтеусіз жер пайдалану құқығын беретін актілерді дайындау және беру” көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес құжаттардың топтамасы тапсырылған күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мерзімі – 6 жұмыс күні. Ал “Жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау” құжаттарының топтамасы тапсырылған күннен бастап он жұмыс күні мерзімінде көрсетіледі. Сондай-ақ, “Жер учаскесінің сапалы жай-күйі және бағалау құны туралы мәліметтер беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес құжаттардың топтамасы тапсырылған күннен бастап 10 жұмыс күні мерзімінде беріледі.
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің құны мемлекеттік қызметтер стандартына қосымшаға сәйкес мөлшерде есептеледі.
Төлем көрсетілетін қызметті берушінің есеп айырысу шотына төлем құжаты (түбіртек) берілетін екінші деңгейдегі банк арқылы қолма-қол немесе ақшасыз есеп айырысу түрінде жүргізіледі. Тапсырыс берушінің қаражаты есебінен орындалатын жұмыстардың 9 түрі бойынша құжаттарды қабылдау және беру (мемлекеттік қызметтерді көрсетумен байланысты емес) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары – “Халыққа қызмет көрсету орталығы” және “Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы” департаменттерінің фронт-кенселері арқылы баламалы түрде жүзеге асырылады.
Татьяна КУРАТОВА,
облыстық жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы департаментінің инженері.