«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕР ҚОРЫН ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНСАҚ …

Солтүстік Қазақстан облысы – дамыған өндірістік секторы, сауда саласы және айтарлықтай аграрлық әлеуеті бар өңір.

Облыстың жер қоры – 9804,3 мың, оның 8404,7 мың гектарын ауыл шаруашылығы алқаптары, соның ішінде жыртынды жер 4881,7 мың гектарды құрайды. Облыс жер қорының құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анағұрлым көп, олар 7168,5 мың гектар немесе облыс аумағының 73,1%-ы .

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде алаңы 1511,8 мың гектар 3100 шаруа және фермер қожалықтары жұмыс істейді, бұл ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы алаңының 18%-ын құрайды, олардың саны шаруашылық жүргізудің басқа нысандарына өзгерту нәтижесінде есептік кезеңде 45-ке азайған, ал 671 шаруашылық серіктестігі мен акционерлік қоғамдарына жалпы алаңы 5604,7 мың гектар жерлер бекітілген, бұл ауылшаруашылық жерлері алаңының 69%-ын құрайды, олардың саны 12-ге артқан.  

2012-2014 жылдар аралығындағы үшжылдық кезеңде жалпы алаңы 7055,7 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жүргізілген.

Жұмыс барысында пайдаланылмайтын жер учаскелері анықталып, олардың алаңдары нақтыланды, сондай-ақ, оларды пайдаланбау себептері анықталды. Пайдаланылмайтын жерлердің алаңы 278 мың гектарды немесе түгенделген жерлердің жалпы алаңының 4,0%-ын құрады.

2012-2013 жылдар барысында облыстың сегіз ауданында және Петропавл қаласында жалпы алаңы 4528,8 мың гектар жерге түгендеу жүргізілді. Түгендеу қорытындысы бойынша 205,2 мың гектар пайдаланылмайтын жерлер анықталып, олар жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде толығымен ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

2014 жылы түгендеу облыстың бес ауданында алаңы 2526,2 мың гектар жерге жүргізілді. 72,8 мың гектар пайдаланылмайтын жерлер анықталып, олардың ішінен қабылданған шаралар нәтижесінде ауыл шаруашылығы айналымына 5,4 мың гектар енгізілді, 0,7 мың гектар босалқы жерлерге ауыстырылды, алаңы 35,9 мың гектар жер учаскелеріне жалдау шарттары бұзылып, алаңы 0,9 мың гектар жерге азаматтық-құқықтық мәміле жүргізілген. Алаңы 29,9 мың гектар қалған пайдаланылмайтын жерлерді 2015 жылы ауыл шаруашылығы айналымына тарту шаралары қолданылатын болады.

Жер пайдаланушылардың барлық санаттары бойынша түгендеу қорытындысының деректері толық көлемде есепке алынған және аудандар жер қатынастары бөлімдерінің есептік деректеріне сәйкес келтірілген.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатында айдалмалы жерлер үлесінің төмендеуін болдырмау мақсатында оларды босалқы жерлерден ауылшаруашылық айналымына тарту, тыңайған жерлерді игеру және жайылымдарды егістікке айналдыру бойынша шаралар қолданылуда.

Айдалмалы жерлердің тыңайған учаскелерін игеру бойынша жұмыс жүргізілуде, 2014 жылы облыс бойынша барлығы 4,7 мың гектар тыңайған жер игерілген (Уәлиханов – 3552, Жамбыл – 349, Мамлют – 785 гектар). Сондай-ақ, 2014 жыл барысында алаңы 5,6 мың гектар жайылымдарды егістікке айналдыру жүргізілген (Айыртау – 644, Есіл – 108, Мағжан Жұмабаев – 231, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда – 1264, Тимирязев – 512, Уәлиханов – 3552 гектар).

Қазіргі уақытта облыс бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде 70,3 мың гектар тыңайған жерлер бар, соның ішінде Уәлиханов ауданында – 65,3 мың гектар қалған. 5 мың гектары Ақжар, Жамбыл және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарда орналасқан.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақжар ауданындағы алаңы 3,3 мың гектар барлық тыңайған жерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу жоспарлануда. 2015 жыл бойы облыстың басқа аудандарында да тыңайған жерлерді игеру бойынша шара қолданылатын болады.

Облысымызда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде 2001,4 мың гектар жайылымдық алқаптар бар. Жайылымдарды тиімдірек пайдалану мақсатында боса олқы жерлердегі бос алқаптар конкурстық негізде мал шаруашылығын дамыту үшін берілуде.

Осылай босалқы жерлерде қазіргі уақытта 488,6 мың гектар пайдаланылмайтын жайылымдық алқаптар бар. 2014 жылы өткізілген 15 конкурста 78,2 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптары берілген, соның ішінде 54,4 мың гектар жайылым бар (немесе берілген жерлердің жалпы алаңының 70%-ы).

Жайылымдарды конкурстар арқылы беру кезінде жайылымдық алқаптардың нысаналы мақсатын сақтау үшін малдың нақты бар болуы ескеріледі және осы ұстаным сақталуда.

Мемлекет меншігінде орналасқан және сауда-саттықта (аукциондарда) жер пайдалануға берілмеген учаскелерді беруді көздейтін ҚР Жер кодексінің 48-бабында қарастырылған нормаларды сақтау мақсатында өткен жылы Тимирязев ауданында жер учаскелерін сату бойынша аукцион өткізілді. Аукционда құны – 1,7 млн. теңге, алаңы 1,39 гектар 8 учаске сатылған.

Азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарында мал шаруашылығын дамыту үшін және ҚР Жер кодексінінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес тұрғындардың жеке үй-жайларын ұстау бойынша мұқтаждарын қанағаттандыру үшін жайылымдық алқаптар конкурстан тыс беріледі. Облыс бойынша барлығы жеке үй-жайды дамыту үшін, отарлы мал шаруашылығы үшін нысаналы мақсатымен 2014 жылы алаңы 5710 гектар жайылымдардың 14 учаскесі берілген.

Сондай-ақ, мал басының қолда болуын ескере отырып, елді мекендерде жайылымдық алқаптарды қайта бөлу жүргізілуде. Өткен жылы Қызылжар ауданы әкімдігінің қаулысымен және мәслихатының шешімімен бекітілген елді мекендерді шаруашылық-аралық жерге орналастыру жобасына сәйкес 600 гектар жайылымдық алқаптар Лесное ауылдық округінің босалқы жерлерінен ауыл азаматтарының өз малдарын жаю үшін жайылымдар жеткіліксіз болған Соколовка ауылының шегіне ауыстырылды.

Наразылық-қуыным жұмысын жүргізу әдісімен жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша шара қолданылуда.

Өткен жылдың басынан бері облыс аудандарында жер заңнамасын бұзып, пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша алаңы 262,2 мың гектар 139 жер учаскесін жалдау шарты бұзылды.

Сонымен қатар заңнаманы бұзып, жерді пайдаланатын жер пайдаланушыларға жалгерлік шарттарын бұзу туралы 34 хабарлама жолданған, мерзімдерінің аяқталуына қарай берілген ескертулер бойынша материалдар сот органдарының қарауына тапсырылатын болады. Өткен жылы жалпы алаңы 57,8 мың гектар жер туралы сотқа 31 талап-арыз берілген.

2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін жеке тұрғын үй құрылысына – 4332 жер учаскесі, соның ішінде 2014 жылы 245 учаске берілген.

2014 жылы облыстық жер комиссиясы 7 отырыс өткізіп, онда жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру туралы 18 өтініш қаралған. Бүгінгі күнде Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жалпы пайдалы қазбаларды өндіру бойынша 50 жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын тіркелген.

2015 жылы жерлердің саны және сапасы жағынан есептеу мониторингін жүргізу, жер реформасын одан әрі тереңдету және өңірдің жер қорын ұтымды пайдалану бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Есенгелді КӘРІБАЕВ,

облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp