Үшкүндік “Жасөспірім” жедел-алдын алу шарасы кезінде ювеналды полиция қызметкерлері тұрмысы нашар 69 отбасы мен 64 жасөспірімді тіркеуге алды.
Облыстық әкімшілік полициясы басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің басшысы Динара Мұғжанованың хабарлауынша, ақпанның 19-21-і аралығында аумақтық полицейлер және құзыретті мемлекеттік мекеме қызметкерлері ішкі істер органдарына 172 жасөспірімді жеткізген. Олардың 80-і – әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, ал 78-і бақылаусыз жүргендіктен тәртіп сақшыларының назарына іліккен. Кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектермен алдын алу жұмыстары жүргізілгеннен кейін олар ата-аналарының қолына тапсырылды. Ал алкогольді ішімдікті ішкен 13 жасөспірім жауапкершілікке тартылды.
Жедел-алдын алу шарасы барысында 216 ересек адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Олардың ішінде 58 ата-ана бала тәрбиесіне көңіл бөлмегені үшін тиісті жазасын алды. Сондай-ақ, түнгі уақытта өздерінің ойын-сауық орындарында жасөспірімдердің болуына жол берген мекеме иелеріне, жеткіншектерге темекі өнімдерін сатқан – 19 және алкогольді ішімдікті сатқан 23 сатушыға қатысты хаттамалар толтырылды.
Ерлан МАХМЕТОВ,
облыстық іші істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.