«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕТІМДЕРДІ ЖЕБЕЙДІ ЖАНАШЫРЛАР

Өмір сынағы жеңіл емес. Шаңырақ құрғандардың арасында бала сүю бақытын армандайтындар бар. Олар ата-аналарынан тағдыр айырған яки тастанды бөбектерді бауырларына басуға ықыласты. Ал, мұндай балалар Солтүстік Қазақстанда бір жарым мыңнан асатын көрінеді.

Осындай жетім балаларды асырап алуға ниетті жұбайлар Петропавлдағы балалар мен жасөспірімдердің облыстық шығармашылық орталығында орналасқан арнайы мекемеге келіп, өтініштерін алға тартса, ондағы мамандар заң бойынша тиісті құжаттарды толтырып, бүлдіршіндерді асырап алушыларға жәрдем жасайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp