«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕТІМДЕР ДЕ ЖЕТІЛЕДІ

“Жас қыран” қосымшасының өткен (9 шілде, 2015 ж.) санында жарияланған журналист Жадыра Есенгелдінің “Қамкөңіл балаларға “қамқорлықтың” сиқы” мақаласын зер салып оқып шықтым. Оқыдым да ойға қалдым. Өңірімізде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеті жүзге жуық бала әлеуметтік қорғау мекемелерінде тәрбиеленуде екен. Мақалада “мейірімді қамқоршылардың” “аяушылық әрекеттерінің” нәтижесінде жетім балалардың құқықтарының аяққа тапталып келгендігіне нақты дәлелдер де келтірілген. Жанары жәудіреген жандардың несібесіне ауыз салудан тайсалмағандардың да саны орасан екендігі жаныма жара салмай қоймады.

Әсерлі, шымбайға батар шындықпен шынайы жазылған мақаланы оқып отырып, Мұхтар Әуезовтің “Жетім” әңгімесіндегі басты кейіпкер – бала Қасымның ата-әжесінен, ата-анасынан бірдей айрылған зарлы тағдыры, аянышты халі еріксіз ойыма оралды. Қаңтардың суығындай жүректі қаритын жетім тағдыры қалай аяқталушы еді? Қанаттыға қақтырмайтын, тұмсықтыға шоқыттырмайтын, ет жақыны, жанашыры жоқ жетім жарық дүниеден баз кешіп, өз-өзін өлімге қияды. Бірақ ол заман басқа. Бүгінгі ғасырмен салыстыруға әсте келмейді. Бүгінде біз зайырлы-құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Алайда, мемлекет қамқорлығына алған балалардың құқығын басқа емес, қорғауы тиіс құзырлы орындардың таптауы елдігімізге сын емес пе?  

Гүлайна КЕМЕҢГЕРОВА,

 жас маман.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp