«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жетім көрсең, жебей жүр

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Петропавлдағы “Қызылжар” облыстық орталық мешіті “Жетім көрсең, жебей жүр” қайырымдылық акциясын өткізді. Бұл жолы дін қызметкерлері отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін қуантты.

Игі іс-шараның негізгі мақса­ты – ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың жү­регіне жылу ұялатып, жүздеріне күлкі сыйлау. Сондықтан мешіт қызметкерлері әр бүлдіршінді на­зардан тыс қалдырмай, осын­дағы 30 тәрбиеленушіге кәдесыйлар тарту етті. Киім-ке­шектер мен тәттілер үлес­тірді.

“Қызылжар” облыстық ор­та­лық мешіті мұнымен шектелмек емес. Алдағы уақытта сауабы мол қайырымды істер легін жалғастырмақшы.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ,

“Қызылжар” облыстық орталық мешітінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp