«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕТІНШІ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ

 Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында  үкіметтік емес ұйымдардың жетінші азаматтық форумы өтті. “СҚО азаматтық альянсы” қауымдастығы мен облыстық ішкі саясат басқармасы бірлесіп өткізген бұл форумның басты мақсаты  мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, қоғамның өзекті мәселелерін бірге шешуге бағыттау болды.

 2006 жылы азаматтық сектордың бастамаларын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен мемлекеттік тапсырыс негізінде 10 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінсе, үстіміздегі жылы оның мөлшері – 100 миллион теңгеге жетті.

 Жиын барысында осыдан үш жыл бұрын басталған “Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы үздік жоба” облыстық байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды. Байқауға 32 өтініш түсіп, соның 16-сы үздік деп танылған. Енді бұл ұйымдардың өкілдері Астана қаласында өтетін жетінші республикалық азаматтық форумға қатысады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp