«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕТІСТІКТЕРМЕН ҚАТАР, ОЛҚЫЛЫҚТАР БАР

Спорт сарайында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. 2019 жылы атқарылған жұмыстар сараланып, үстіміздегі жылы қолға алынатын шаралар талқыланған жиынға облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев қатысты. Басқарма басшысы Руслан Есеналин, ең алдымен, өткен жылдың 12 айында облысымыздағы спортты дамыту бағытында атқарылған істерге, негізінен қол жеткізген жетістіктерге кеңінен тоқталды.

– «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында саламатты өмір салтын қалыптастыру, азаматтардың денсаулығын шыңдау, бұқаралық және жоғары шеберлік спортын өркендету мәселелері бойынша алда тұрған міндеттер атап көрсетілген. Бұл бағытта кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде өңірде 176 мыңнан астам адам спортпен шұғылданады. Бұл – жалпы тұрғындардың 32 пайызы. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 3,1 мың спортшыға артып отыр, – деген басшының айтуынша, өңірде спортты дамытуға бар жағдай жасалуда. Ұлт жоспарында 2025 жылға дейін бұқаралық спортпен айналысатын азаматтардың санын 35 пайызға жеткізу міндеті қойылған болатын. Бұл бағыттар бойынша да жүйелі жұмыс атқарылуда. Жыл бойы 1435 спорттық шара ұйымдастырылып, 350 мың адам қамтылған. Облыста бүгінде спорттың 80 түрі дамып келеді. Бүгіндері 413 спортшымыз ел құрамаларының сапында өнер көрсетуде. Жалпы спорттық инфрақұрылым 2870 ғимараттан тұрса, оның 80 пайызы – ауылды жерде орналасқан. Өткен жылдармен салыстырғанда спортқа тартылған оқушылар саны әлдеқайда көп өскен. Оның бір себебі – аудан орталықтарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылуда. Айта айтқанда, желтоқсан айында Ақжар ауданындағы Талшық ауылында спорт кешені пайдалануға берілді. Үстіміздегі жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Саумалкөл, Явленка және Пресновка ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынбақ. Нәтижесінде өңірдегі спорт нысандарының тапшылығы 3876 шаршы метрге қысқартылмақ. Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.
 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp