Өңірімізде коронавирус инфекциясын жұқтыртырғандардың саны 25-ке жетті. Оның жетеуі өткен тәуліктерде анықталды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында хабарланды.
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлованың айтуынша, түнеде Петропавлда – 6, ал Қызылжар ауданында 1 факті тіркелген.
– Сынамалардың нәтижелері таңғы сағат 4-5 кезінде белгілі болды. Әзірге, ауру жұқтырған науқастар туралы толық мәлімет жоқ. Бірақ оларға тиісті медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта барлық науқастар бақылауға алынып, оқшауландырылды. Ал үйлердің кіреберістеріне зарарсыздандыру шаралары жүргізілді. Ауру жұқтырғандармен тікелей қарым-қатынаста болған азаматтар анықталды. Эпидиомологиялық зерттеу шаралары жүргізілуде. Бүгін жеті азаматтан қайталама сынамалар алынбақ. Коронавирустан құтылудың бірден бір жолы – үйде оқшаулану. Сондықтан сақтық шараларын қатаң ұстану қажет, – деді Татьяна Горлова.
Белгілі болғандай, инфекцияны жұқтырғандардың басым бөлігінде ауру жеңіл формада өтуде. Олардың жағдайлары қалыпты. Дегенмен, науқастардың әрқайсысына емдеу шаралары қажетті деңгейде жүргізілуде.
Бұған дейін ауру ошағы Петропавл қаласы (12), Қызылжар (2) мен Тайынша (4) аудандарында тіркелген болатын. Баяндамашы қазір өңірде індет белең алып отырғанын айтып, тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берді.
Сурет gorodok.bz сайтынан алынды.