«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕТІ ЖЫЛДАН КЕЙІН…

Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләловтің бастамасы бойынша ішкі істер органдарына азаматтардың сенімін күшейту мақсатында «өткен жылдар» санатындағы қылмысты ашу бойынша тергеу-жедел тобы құрылған болатын.

Биыл солтүстікқазақстандық жедел қызметкерлер «өткен жылдардағы» 313 қылмыстың бетін ашты. Олардың 293-і ұсақ және орташа ауырлық деңгейіндегі қылмыстар, 19-ы ауыр қылмыс болып саналады. Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарды іздестіруге баса ден қойылуда. Жыл басынан бастап осындай санаттағы қылмыс жасаған 24 қылмыскер ұсталды, олардың 9-ы – «өткен жылдардағы» қылмыскерлер.

Петропавлда кәсіпкерді өлтірген Қазақстан азаматы 7 жылдан бері іздеуде жүрген болатын. Қазақстандық және ресейлік полицейлердің бірлескен жұмысының арқасында ол Свердловск облысының Екатеринбург қаласында ұсталды. Тергеу барысында қылмыс жасаған 23 жастағы петропавлдық 2007 жылы құқық қорғау органдарынан бой тасалағаны анықталды. Соңғы кездері ол Ресейде үнемі бір қаладан бір қалаға ауысып, тұрып келген екен.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp