Жақында облыстың қонақүйлерінде, сауналарында және басқа да ойын-сауық орындарында қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау бойынша республикалық жедел іс-шара аяқталды.
Облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді тиянақты атқарды.
Шара барысында Петропавлдың Амангелді көшесінде орналасқан сауналардың бірінің 37 жастағы әкімгері жеңгетайлығы үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл әйел қыздарды 3 мың теңге ақшаға зинақорлыққа көндірумен айналысып жүреді екен.
Осындай қылмыспен қаланың тағы екі тұрғыны ұсталды.
Ольга ШИЯН,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің инспекторы.