«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖЕҢГЕТАЙЛАР” ҰСТАЛДЫ

Өңір полицейлері үш күн бойы «STOP трафик» жедел алдын-алу шарасын өткізді. Шараның мақсаты – адам саудасы, заңсыз бас бостандығынан айыру, жезөкшелікпен айналысуға тарту, жеңгетайлық деректерін анықтап, алдын алу. 

Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климовтың айтуынша, бұл күндері ойын-сауық орталықтарына, монша және қонақ үй кешендеріне рейдтік шаралар күшейтілді. Шара барысында облыс полицейлері петропавлдық әйелдің өз туысқанының кәмелетке толмаған қызын жезөкшелікпен айналысуға тартқанын анықтады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде сондай-ақ жеңгетайлықтың екі дерегі анықталды. “Жеңгетайдың” екеуі де сауна әкімшісі. Олар енді Қылмыстық кодексте қарастырылған жазаға сәйкес бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл күндері сонымен қатар жеңіл жүрісті құжатсыз үш әйел ұсталып, кім екендерін анықтау үшін қабылдап-бөлу орнына қамалды.
Ел бойынша өткізілген жедел алдын-алу шарасы барысында 48 қылмыс анықталды, оның ішінде 3 факті – саудалау мақсатында бас бостандығынан айыру, екеуі – адам саудасы, 8-і – жезөкшелікпен айналысу. 35 факті жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру және ұстауға байланысты тіркелді.  

Сурет http://www.vedomosti.md сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp