«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ТӘРТІП

Осы жылғы 12 сәуірден бастап Қазақстанға визасыз ену және үш айдан кем емес мерзімде болу келісімі бар ТМД азаматтары үшін еңбекпен айналысуға рұқсат алудың жеңілдетілген тәртібі енгізілді. Көрші Өзбекстан, Тәжікстан және Әзірбайжан елдерінен 109 ер адам және 31 әйел қазірдің өзінде рұқсат алды. Олар көші-қон полициясының бөлімшесіне өтініш білдірді, 65 шетелдікке – бір айға, қалған 75 адамға үш айға рұқсат берілді. Осы уақыт ішінде иммигранттар жұмыс берушімен еңбек шартын жасауы тиіс, одан кейін рұқсат бір жылға дейін ұзартылуы мүмкін.

СҚО ІІД көші-қоң басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Еркетай Тұтқышевтің түсіндіруінше, еңбек заңнамасына сәйкес жеңілдетілген тәртіптегі рұқсат шетелдіктерге тек қана жеке тұлғаларда – жеке үйдің құрылысы мен жөндеуінде, үй қызметіндегі, атап айтқанда, бала күтуші, бақшашы, аспаз және басқа жұмыстар үшін беріледі. Кәсіпкерлерге бұл жеңілдетілген рәсімнің күші жүрмейді, өйткені, шетелдіктің еңбегі табыс алу үшін пайдаланылмауы керек. Үй шаруашылығы жұмыстары үшін ел азаматының бес шетелдіктен артық шарт жасай айлмайтынын атап өткен жөн.

Ольга ШИЯН,

облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp