Үстіміздегі жылдың басынан бері облыстық көші-қон полициясының қызметкерлері шетелдік азаматтарға еңбекпен айналысуға 242 рұқсат берген. Олардың ішінде үй қызметшісі, аспаз жұмысына орналасқан 42 әйел бар. Шетел жұмысшыларының көпшілігі – Өзбекстан азаматтары.
– Елімізде 2014 жылдан бастап еңбек мигранттарына рұқсат берудің жеңілдетілген тәртібі енгізілген. Осы аралықта облыс аумағында 3282 шетелдік жұмысқа орналасқан. Құрылыс саласында еңбек етіп жүргендердің басым бөлігі – ерлер. Олардың көпшілігі рұқсаттарының мерзімін бірнеше мәрте ұзартты, – дейді көші-қон полициясы басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Еркетай Тұтқышев.
Сондай-ақ, жыл басынан бері заңсыз еңбек күшін тартқаны үшін 12 жұмыс беруші, тиісті органдардың рұқсатынсыз заңсыз жұмыс істеген 19 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.