«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП: ІЗДЕНІСТЕР МЕН ІРКІЛІСТЕР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің не­гізі” Жолдауында өз өнімін экспортқа шығаратын компанияларға мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігін барынша арт­тыру қажеттігін атап көрсетіп, Үкіметке мемлекеттік индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы шең­бе­рінде кешенді шаралар әзірлеуді, оның ішінде салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыруды, шетелден тікелей ин­вес­тиция тарту жұмыстарын барынша жандандыруды тапсырды. Осы­ған орай Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стра­тегиялық даму жоспары аясында әрбір сала мен өңір үшін нақты мақ­сатты көрсеткіштер белгіленді. Бұл та­лап­тардың халық­тың өмір сүру сапасын жақсартуға айтарлықтай ықпал ете­тін түрлі өндіріс салаларымен қатар жеңіл өнеркәсіпке де ті­келей қатысы бар. Бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті отан­дық өнімдер шығарып, нарық көк­жиегін кеңейтуге басым бағыт беріліп отырған аса жауапты кезеңде жеңіл өнер­кәсіптің орны бөлек. Оның үстіне өр­ке­ниетті ел­дерде бұл сала тауарларына сұраныс азық-түлік өнімдерінен кейін екінші орында тұрғанын ескерсек, мән-маңызы тіпті арта түседі. Жеңіл өнеркәсіптің үлесі АҚШ, Италия, Германия, Қы­тай, Түркия секілді  мемлекеттерде 15-22 пайызды құраса, өкі­нішке қарай, Қазақстанда 1,2-1,5 пайызға ғана жетеғабыл. Қол­дағы мәліметтерге сүйенсек, өңірдегі ахуал да көңіл көн­шітпейді. Олай болса, жеңіл өнеркәсіптің жүгі неге “ауыр­лап” кеткенін саралап көрейік. 

ЖАБДЫҒЫ ЕСКІ БОЛҒАНЫМЕН, 
ЕТІГІ ЖАҚСЫ
 
Өңір өндірісі жыл санап өркен­деп келе жат­қанымен, жеңіл өнер­кәсіп туралы олай ай­ту әлі ерте. Әрине, ауызды қу шөппен сүр­туге болмас. Әр жерден арагідік бой көрсетіп, өз істерін дөңгелетіп жүрген бизнес өкіл­дері жоқ емес. Алай­да, саусақпен са­нар­лық­тай ғана. Виктор Петросян жетек­шілік ететін “Тигран” жеке кәсіпкерлігінің аяқ киім ті­гуінде мін жоқ. Өңірге тә­жірибе ал­масуға кел­ген италия­лық­тар ескі ста­нок­тармен жа­ңа үл­гідегі аяқ киімдер тікке­ні­не қарап, таң­ғалыстарын жасыра алмаған. “Бизнестің жол картасы – 2020” бағ­дарла­ма­сы бойын­ша жеңілдетіл­ген несиелер рәсім­деп, ғима­рат са­тып алған, өндірісті кеңейт­кен. Бү­гін­де ерлер мен әйелдерге арнал­ған аяқ киім түр­­лерін жүзге дейін жеткізген. Сапасы жақ­сы, бағасы қол­жетімді, сұраныс жо­ғары. Жеке тапсырыс­тар да қа­былда­на­ды. 11 адам жұ­мысқа ор­на­лас­қан. Фаб-ри­каның өнім­дері сауда орын­дарына “Tig­ran” маркасымен шыға­рылады.
Жалғасын газетіміздің 3 наурыз күнгі №26 санынан оқи аласыздар. 
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp