«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІМПАЗБЕН ЖҮЗДЕСУ

Индонезияның Джакарта қаласында өткен ХVІІІ жазғы Азия ойындарында қос алтын медальға ие болған жерлесіміз, велоспортшы Алексей Луценко елге оралды. Құрлықтық додада жұлдызы жарқыраған саңлақты теміржол вокзалында қала тұрғындары мен спорт саласының өкілдері қарсы алды.

Халықаралық дәрежедегі спорт шеберін айтулы жеңісімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин құттықтады.

Жерлесіміз Джакартадағы жеңісінен кейін Түркия президенті атындағы “Түркия туры – 2018” велокөпкүндігінде ел намысын қорғаған болатын. Бәсекелі сайыс әлемдегі ең көне шаһарлардың бірі – Конья қаласында бастау алып, Ыстамбұл қаласында аяқталды. Алты кезеңнен тұрған дүбірлі додада сегіз қазақстандық жарыс жолына шыққанымен, тек Алексей Луценко үздіктер қатарынан көріне білді. Велокөпкүндіктің төртінші кезеңінде солтүстікқазақстандық спортшы мәрені бірінші болып кесті. Осылайша ұпай саны бойынша жалпы есепте жүлделі екінші орынға тұрақтаған Алексей Луценко үшін биылғы маусым сәтті аяқталды.

Алексей сайысқа өзімен бірге қатысқан әріптестерінің көмегі зор болғанын тілге тиек етіп, жеңіске жетуіне сүбелі үлес қосқан команда сапындағы басқа велоспортшыларға алғысын білдір ді.

Енді велошабандоз желтоқсан айына дейін демалып, Испанияның Альтеа қаласында өтетін халықаралық додаға дайындалмақ.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp