«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Тарт, Домбыра!» атты шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылды.

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен байқауға 12-29 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты. Байқау шарты бойынша әр үміткер домбырада күй немесе ән орындады. Қатысушылар ұйымдастырушыларға өз өнерлерін бейне арқылы жолдап, үміткерлердің шығармашылық шеберлігі қашықтықтан бағаланды.
Жас ерекшеліктеріне орай қатысушылар екі топқа бөлінді. Бұл сайыста Әділ Нұрлан мен Бәйімбет Құбайдолла сынды өнерпаздар бірінші орын алса, Мөлдір Омарова, Мәржан Қапсамат, Асанәлі Ораз, Ербол Серікбай екінші және үшінші орындарды тең бөлісті. Байқауда ұжымдық орындауда жүлдегерлер қатарынан көрінген Әуесхан Әлжапаров, Анатолий Ширяев, Данил Назаренколар мен өзге де өнерпаздардың есімдерін ерекше атап өткен жөн. «Шабыт» домбыра мектебінің домбырашылар ансамблі де жақсы өнер көрсетті. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы атынан жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, сертификаттарға ие болды.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp