«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жеңімпаздар анықталды

Қазақстан халқы Ассамблея­сының 25 жылдығына арналған “Тарт, домбыра!” атты шығар­ма­шылық байқаудың қорытын­дысы шықты.

Қазақстан халқы облыстық ас­самблеясының ұйымдасты­руы­мен өткен байқауға 12-29 жас ара­лығындағы өнерпаздар қатысты. Байқау шарты бойынша әр үміт­кер домбырада күй немесе ән орындады. Қатысушылар өз өнер­лерін бейнетаспаға түсіріп жол­дады, ал олардың шығарма­шылық шеберлігі қашықтан баға­ланды.

Жас ерекшеліктеріне қарай қа­тысушылар екі топқа бөлінді. Бұл сайыста Әділ Нұрлан мен Бәйім­бет Құбайдолла сынды өнерпаз­дар бірінші орын алса, Мөлдір Омарова, Мәржан Қапсамат, Асанәлі Ораз, Ербол Серікбай екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Байқауда ұжымдық орындауда жүлдегерлер қатары­нан көрінген Әуесхан Әлжапаров, Анатолий Ширяев, Данил Наза­рен­ко мен өзге де өнерпаз­дар­дың есімдерін ерекше атап өткен жөн. “Шабыт” домбыра мек­те­бінің домбырашылар ансамблі де жақсы өнер көрсетті. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы атынан жеңімпаздар диплом­дар­мен марапатталып, сертификат­тарға ие болды.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp