
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жалпы тәжірибе дәрігерлері арасында республикалық байқау жариялаған болатын. Дауыс беру арқылы үздіктерді анықтауға 248 мың адам қатысты. Бұл байқауда өңіріміздің екі дәрігері жеңімпаз атанды.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін тұрғындарға түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған “Біздің үздік отбасылық дәрігер және оның командасы” атты республикалық байқауға өңірімізден 210 дәрігер қатысты. Байқауда бағы жанған үшінші қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Ажар Әбжанованың емдеу учаскесінде 1600 тұрғынға медициналық қызмет көрсететіледі.
Алдымен маған қолдау көрсетіп, дауыс берген тұрғындарға алғысымды білдіремін. Солардың арқасында жеңіске жеттім. Әрі қарай да өз жұмысымды адал атқарып, науқастардың тезірек жазылып кетуіне барымды саламын, – дейді дәрігер. Өңіріміздің тағы бір дәрігері Еркегүл Сүйіндікова да жеңімпаздар қатарынан көрінді. Олар 500 мың теңгенің сертификатына ие болды.
Сурет https://azh.kz сайтынан алынды.